Құрал арналған:- медициналық процедураларды өткізу алдында және кейін антисептікті қолданар басында медициналық қызметкерлердің қолдарын гигиеналық өңдеу үшін;
- балалар (мектеп және мектепке дейінгі), пенитенциарлық мекемелер, әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызметкерлерінің, дезинфекция орталықтары жұмыскерлерінің, сондай-ақ теріні гигиеналық өңдеу қажет болатын басқа да ұйымдар қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеу үшін.
Sterisol бірегейлігі - ішіндегісінің соңғы тамшыға дейін стерильділігі. Өнім терінің құрғауын, тітіркенуін, аллергиясын және атопиясын тудыратын консерванттарды, жасанды бояғыштарды және хош иістендіргіштерді қоспай жасалады.
Құрал полимерлік, герметикалық пакеттерге салынған, ауаның кері сорылуын, сондай-ақ пакетке кез келген сұйықтықты құю мүмкіндігін және препаратты дәл мөлшерлеуді болдырмайтын (бір рет басу үшін 1,6 мл артық емес) бекітілген, алынбайтын кері мөлшерлегіш қақпақпен жабдықталған. Қаптама ішіндегісін 99,9% дейін пайдалануға мүмкіндік береді, бұл оның үнемділігіне жағымды әсер етеді.
Сұйық сабын теріні тазартып қана қоймайды, сонымен қатар үнемі қолданған кезде болатын құрғату, қабыршақтану, тітіркену, қабыну, сабын компоненттеріне аллергиялық реакция сияқты мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді.