Антисептикалық әсері бар сабынды өндіру кезінде, біз құрамына келесіні қоспаймыз: - Триклозан (немесе 5-хлор-2-(2,4-дихлорфеноксифенол), ағза үшін дәлелденген теріс салдарларынан АҚШ пен Еуроодақ елдерінде бактерицидті сабында пайдалануға тыйым салынған.
- Полигексаметиленгуанидин (немесе ПГМГ) және оның тұздары, оның уыттылығына байланысты (келесі директивалармен рұқсатты "Еуропалық Парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің биоцидтік құралдар нарығына орналастыру туралы директивасынан" алынды:
- 01.07.2011ж. 2011/391/EU;
- 09.02.2012ж. 2012/78/EU.
Сабында антисептикалық әсерге қол жеткізу үшін, химиялық белсенді заттармен қатар, БЗ ретінде табиғи қосылыстар да қолданылуы мүмкін. Оларға: сүт қышқылы, лизоцим, лактулоза, дәрілік өсімдіктердің терімі және т. б. жатады.
Жақсы сабын жасаудың міндетті шарты - оның құрамында бірнеше рет қолданған кездегі сабынның теріге құрғататын әсерін жоятын қоспалардың болуы болып табылады. Бұл сау терінің табиғи гидрофильділипофильді балансы қалпына тез келетін аллантоин, пантенол, Д-пантенол, ланолин, глицерин және т.б. сияқты теріні жоғары тиімді ылғалдандыратын және жұмсартатын, қабынуға қарсы және қалпына келтіретін қоспалары.
Әсіресе аллантоин бағалы: ол қабынуға қарсы және тұтқырлағыш препараттардың құрамына кіреді, терінің қалпына келу үдерістеріне оң әсер етеді, теріні жұмсартады, сондайақ, бірқатар тері ауруларын тез және тиімді емдеуге ықпал ететін микробқа қарсы әсерге ие
Глицеринтеріде құрғатуды болдырмайтын қорғаныс қабатын қалыптастырады,
Д-пантенол әртүрлі тері аурулары мен терінің зақымдануларын емдеуге көмектеседі, терінің жаңаруына себепші болады, күйіктерді емдеуде алмастырылмайтын, қабынуға қарсы әсері бар.
Ланолин – бұл жүн (қой) майын қайта өңдеу арқылы алынған балауызы. Құрылымы жағынан адам терісінің липидтеріне жақын, сондықтан эпидермиске оңай енеді және басқа белсенді заттардың тез жеткізілуін қамтамасыз етеді. Трансэпидермалды ылғалдың жоғалуын азайтады. Қабыршықтанған, желге тотыққан және жарылған терінің жағдайын бірден жақсартады.