PALMASEPT®
Медициналық қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған қолдануға дайын тері антисептигі
Өнімнің бактерицидтік, туберкулоцидтік, вирулицидтік, фунгицидтік белсенділік қасиеттері бар

Қүрамы: Н-пропилді (50%) және изопропилді (20%) спирттер, сүт қышқылы, лактулоза, тазартылған су. Боялған модификацияның («ред» модификациясының) құрамына қосымша тағамдық бояғыштар кіреді.

Сипаттамалары

Құрал арналған:
  • қолдарды гигиеналық және хирургиялық өңдеу үшін;
  • шынтақ бүгілген жерлерін өңдеу үшін;
  • инъекция алдында емделушілердің инъекциялық өрістегі терісін өңдеу үшін.

Жақсы антисептикті жасаудың міндетті шарты - оның құрамында бірнеше рет қолдану кезіндегі спирттердің теріге құрғататын әсерін жоятын қоспалардың болуы. Бұл сау терінің табиғи гидрофильді-липофильді балансы тез қалпына келеді ланолин, глицерин, лактулоза және т.б. сияқты теріні жоғары тиімді ылғалдандыратын және жұмсартатын, қабынуға қарсы және қалпына келтіретін қоспалары.

Сүт қышқылы молекулалық деңгейде терінің табиғи ылғалдаушы факторының (NMF) құрамына кіреді де, оның амин қышқылдары, несепнәр, пирролидонкарбон қышқылы және басқа компоненттерімен көршілеседі. Сүт қышқылы өзінің айналасында су қабығын түзіп, ылғалды байланыстырады және ұстап тұрады. Ылғал тек жиналып қана қоймай, терінің терең, «тірі» қабаттарына қарай дұрыс мөлшерде таралып, эпидермистің тең дәрежеде ылғалдануын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, антисептикті жиі қолдану кезінде спирттің теріге тигізетін құрғату әсері едәуір азаяды.

«Palmasept® » тері антисептигінің құрамындағы негізгі спирт – бұл н-пропилді спирт (50%), оның микробқа қарсы белсенділігі өте жоғары болып, изопропилді және этил спиртімен салыстырғанда, ол теріні азырақ тітіркендіреді, сондай-ақ спирттің иісі де өткір болмайды.

Лактулоза терінің табиғи иммунитетін күшейту есебінен патогенді микрофлораның дамуын тежейді, қайталанбас ылғалдаушы қасиеттерге ие болып, спирттердің теріге тигізетін құрғату әсерін бейтараптандырады, өзін қолданғаннан кейін теріге крем жаққандай әсерді қалдырады.
Жарамдылық мерзімі: Өндірушінің ашылмаған қаптамасында 3 жылды құрайды.

Қаптамасы: Тапсырыс берушімен келісім бойынша, сыйымдылығы 1000, 5000 мл полимерлік құтылары, канистрлері, диспенсопактары немесе басқа көлемдегі ыдысы.

Өндіруші: Қазақстан Республикасы