MEDILACT®- HERBAL
Лактулоза негізіндегі антисептикалық әсері бар крем-сабын, ұқыпты тазартуға арналған 11 шөп пен сүт қышқылының сығындысы
Өнім бактерицидтік және фунгицидтік белсенділікке ие

Қүрамы: 11 шөптің су сығындысы (дәріхана түймедағы, қосүйлі қалақай, кәдімгі мыңжапырақ, тесілген шайқурай, бұрыш жалбызы, қара қарақат, итшомырт шырғанағы, сібір самырсыны, ақ емен, дәрілік сәлбен, жасыл шай), лизоцим, сүт қышқылы, лактулоза, теріні ылғалдандыратын және жұмсартатын қоспалар -ланолин, аллантоин, глицерин, тазартылған су.
Құралдың сутегі иондарының концентрациясы (рН) 5,5 – 7,5

Сипаттамалары

Келесіге арналған:
  • медициналық қызметкерлердің медициналық емшараларды жүргізгенге дейін және одан кейін, антисептикті қолданудың алдында, қолдарын гигиеналық өңдеуге;
  • балалар (мектеп және мектепке дейінгі), пенитенциарлық мекемелер, әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, зазарсыздандыру орталықтары, сондай-ақ теріні гигиеналық өңдеу қажет басқа да ұйымдар қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге.

Антисептикалық әсері табиғи құрауыштарымен қамтамасыз етілетін крем-сабыны:
Лактулоза қабыну үдерістерін тудыратын патогенді бактерияларға терінің табиғи иммундық реакциясын белсендіреді және күшейтеді, сондай-ақ лизоцим белсенділігін едәуір арттырады;

Лизоцим – күшті бактерияға қарсы және зең ауруына қарсы қасиеттері бар жергілікті иммунитетті сақтау үшін маңызды бактерицидті агенті. Лизоцим - бактериялардың қабырғаларын бұза алатын табиғи ферменті. Иммундық жүйенің бөлігі болып табылады, ағзаның қорғалуын қамтамасыз етеді, сілекей, көз жасы, ана сүті, ас қорыту жүйесі мен репродуктивтік органдарда болады және ағзаның маңызды ферменті болып табылады;

Сүт қышқылы адам үшін табиғи және зиянсыз, жоғары тиімді бактерияға қарсы және қабынуға қарсы өнім (терінің қышқыл мантиясының құрамына кіретін сүт қышқылы көптеген микроағзалар үшін зиянды қышқыл ортаны жасайды) болып табылады;

11 шөптен тұратын бактерияға қарсы өсімдік кешені (дәріхана түймедағы, қосүйлі қалақай, кәдімгі мыңжапырақ, тесілген шайқурай, бұрыш жалбызы, қара қарақат, итшомырт шырғанағы, сібір самырсыны, ақ емен, дәрілік сәлбен, жасыл шай) – антибиотикалық қасиеттері бар табиғи емдік дәрі-дәрмектерді жинау энтеробактериялары, көк іріңді таяқшасы, стрептококктар мен стафилококктарға бактериостатикалық (яғни, басады) және ішек таяқшасына бактерицидтік (яғни өлтіреді) әсер етеді.
Өнім бактерицидтік және фунгицидтік белсенділікке ие.

Аллантоин қабынуға қарсы және тұтқырлағыш препараттардың құрамына кіреді, терінің қалпына келу үдерістеріне оң әсер етеді, теріні жұмсартады, сондайақ, бірқатар тері ауруларын тез және тиімді емдеуге ықпал ететін микробқа қарсы әсерге ие.

Глицеринтеріде құрғатуды болдырмайтын қорғаныс қабатын қалыптастырады.

Д-пантенол әртүрлі тері аурулары мен терінің зақымдануларын емдеуге көмектеседі, терінің жаңаруына себепші болады, күйіктерді емдеуде алмастырылмайтын, қабынуға қарсы әсері бар.

Ланолин – бұл жүн (қой) майын қайта өңдеу арқылы алынған балауызы. Құрылымы жағынан адам терісінің липидтеріне жақын, сондықтан эпидермиске оңай енеді және басқа белсенді заттардың тез жеткізілуін қамтамасыз етеді. Трансэпидермалды ылғалдың жоғалуын азайтады. Қабыршықтанған, желге тотыққан және жарылған терінің жағдайын бірден жақсартады.
Жарамдылық мерзімі: Өндірушінің ашылмаған қаптамасында 3 жылды құрайды.

Қаптамасы: Тапсырыс берушімен келісім бойынша, сыйымдылығы 1000, 5000 мл полимерлік құтылары, канистрлері, диспенсопактары немесе басқа көлемдегі ыдысы.

Өндіруші: Қазақстан Республикасы