МЕДИДЕЗ®-СОФТ
Жұмсақ тазартуға арналған бигуанидин негізіндегі антисептикалық әсері бар сұйық сабын
Өнім бактерицидтік және фунгицидтік белсенділікке ие

Қүрамы: Полигексаметиленбигуанидин гидрохлориді (ПГМБ) - 0,2%, сондай-ақ ББЗ теңдестірілген кешені (анионды және иондық емес), тазартылған су, теріні ылғалдандыратын және жұмсартатын қоспалары.
Құралдың сутегі иондарының концентрациясы (рН) 5,0 – 7,0

Сипаттамалары

Келесіге арналған:
  • медициналық қызметкерлердің медициналық емшараларды жүргізгенге дейін және одан кейін, антисептикті қолданудың алдында, қолдарын гигиеналық өңдеуге;
  • балалар (мектеп және мектепке дейінгі), пенитенциарлық мекемелер, әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, зазарсыздандыру орталықтары, сондай-ақ теріні гигиеналық өңдеу қажет басқа да ұйымдар қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге.

Бигуанид күшті бактерицидтік және фунгицидтік әсерге ие, сондықтан ол гигиена құралдарында ғана емес, сонымен қатар зақымдалған теріні өңдеуге арналған препараттарда, сондай-ақ операциялық араласудан кейін де кеңінен қолданылады. Оның антисептикалық қасиеттері микроағзалар жасушаларының қабығына талқандаушы электрохимиялық әсерге байланысты.

"Медидез-софт" сабынындағы ПГМБ құрамы - 0,2%*, бұл ең жоғары рұқсат етілетін концентрациядан аспайды (* терімен жанасатын құралдарда БЗ-дың ең жоғарғы рұқсат етілетін құрамы туралы мәліметтер Кеден одағы комиссиясының 28.05.2010 ж. №299 шешімімен (II тарау, 4 бөлім) бекітілген "Санитарлықэпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлықэпидемиологиялық және гигиеналық талаптарда" баяндалған)
Жарамдылық мерзімі: Өндірушінің ашылмаған қаптамасында 3 жылды құрайды.

Қаптамасы: Тапсырыс берушімен келісім бойынша, сыйымдылығы 1000, 5000 мл полимерлік құтылары, канистрлері, диспенсопактары немесе басқа көлемдегі ыдысы.

Өндіруші: Қазақстан Республикасы