Келесіге арналған:- медициналық қызметкерлердің медициналық емшараларды жүргізгенге дейін және одан кейін, антисептикті қолданудың алдында, қолдарын гигиеналық өңдеуге;
- балалар (мектеп және мектепке дейінгі), пенитенциарлық мекемелер, әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, зазарсыздандыру орталықтары, сондай-ақ теріні гигиеналық өңдеу қажет басқа да ұйымдар қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге.
Бигуанид күшті бактерицидтік және фунгицидтік әсерге ие, сондықтан ол гигиена құралдарында ғана емес, сонымен қатар зақымдалған теріні өңдеуге арналған препараттарда, сондай-ақ операциялық араласудан кейін де кеңінен қолданылады. Оның антисептикалық қасиеттері микроағзалар жасушаларының қабығына талқандаушы электрохимиялық әсерге байланысты.
"Медидез-софт" сабынындағы ПГМБ құрамы - 0,2%*, бұл ең жоғары рұқсат етілетін концентрациядан аспайды
(* терімен жанасатын құралдарда БЗ-дың ең жоғарғы рұқсат етілетін құрамы туралы мәліметтер Кеден одағы комиссиясының 28.05.2010 ж. №299 шешімімен (II тарау, 4 бөлім) бекітілген "Санитарлықэпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлықэпидемиологиялық және гигиеналық талаптарда" баяндалған)