МЕДИДЕЗ®-ЭНЗО
концентрат
Энзимді жуу құралы бес есе протеолитикалық белсенділікке және төмен көбіктену кезінде жоғары жуу қасиеттеріне ие

Құрамы: Ферменттер (протеаза, амилаза, пектиназа, липаза, маннаназа), беттік белсенді заттар (ББЗ), тазартылған су және басқа қосалқы компоненттер. Көмірсутектік иондардың мөлшері (рН) – 6,3-8,5

Сипаттамалары

Құрал арналған:
  • медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу алдында тазарту үшін(оның ішінде микрохирургиялық, стоматологиялық және т. б.);
  • оларға иілгіш эндоскоптар мен құралдарды алдын ала және қорытынды тазалау үшін.

Өнімнің коррозиялық белсенділігі жоқ, сондықтан металдан (тот баспайтын және көміртекті болаттан), сондай-ақ пластмасса мен каучуктан жасалған бұйымдарды зақымдамайды.

Жұмыс ерітінділерінің жарамдылық мерзімі – бір рет қолдануға арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Микроб массасының жиналуына және эндоскоптардың ластануына жол бермеу үшін, микробқа қарсы белсенділігі туралы ақпарат берілмеген жуғыш заттардың ерітінділері қатаң түрде тек бір рет ғана қолданылуы тиіс. Егер ББЗ негізінде дайындалған өнімдерде микроағзалар өз тіршілігін сақтаса, ферменттер негізіндегі өнімдерде микроағзалар өз тіршілігін сақтап қана қоймай, ферментті қорек көзі ретінде пайдалану себебінен олар жинала бастайды (Гренкова, Т.А. Стерилді емес эндоскопиялық емшаралар кезіндегі эпидемиологиялық қауіпсіздік / Т.А. Гренкова. – Н. Новгород: «Ремедиум Приволжье» баспасы, 2018. – 112 б.).
1 л концентраттан шығатын жұмыс ерітіндісінің көлемі
ЖДЗ және стерилдеуге арналған өнімдердің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат. Осы көрсеткіштер сақталған кезде, эндоскоптар мен медициналық мақсаттағы құрал-саймандарды залалсыздандыру тиімді түрде жүзеге асырылады.
Жарамдылық мерзімі: Өндірушінің ашылмаған қаптамасында 2 жылды құрайды

Қаптамасы: Тапсырыс берушімен келісім бойынша, сыйымдылығы 1000, 5000 мл полимерлік құтылары, канистрлері немесе басқа көлемдегі ыдысы.

Өндіруші: Қазақстан Республикасы