ISASPOR® SINGLE SHOT
Medivators Isa репроцессорында эндоскоптарды автоматты түрде өңдеуге арналған сірке үсті қышқыл негізіндегі екі компонентті дезинфекциялық құрал.

«ISASPOR SINGLE SHOT» құралы бактерицидтік, вирулицидтік, туберкулездік, фунгицидтік және спороцидтік белсенділікке ие, органикалық ластануларды тіркемейді, оңай шайылады (1 шаю).

Сипаттамалары

Иілгіш және қатты эндоскоптарды автоматты түрде өңдеуге арналған, екі компонентті сұйық, сірке үсті қышқылы және сутегі асқын тотығы негізінде бір рет пайдаланылатын сұйық екі компонентті дезинфекциялық құрал.

Құрал А негізгі компонентінен және репроцессорда автоматты түрде араластырылатын В белсендіруші компонентінен тұрады, оның нәтижесінде белсенді әрекет ететін зат ретінде 0,085% сірке үсті қышқылы бар ерітінді алынады.

Isaspor Single Shot құралы:
  • 5 л канистрде өңдеудің 26 циклын жүргізуге мүмкіндік береді;
  • 10 л канистрде өңдеудің 52 циклын жүргізуге мүмкіндік береді.

Жарамдылық мерзімі: Өндірушінің ашылмаған қаптамасында 16 ай.

Қаптамасы: Полимерлі құтылар- А компоненті 5000 немесе 10000 мл, В компоненті 5000 немесе 10000 мл.

Өндіруші: Cantel Medical, Италия