ФАРМДЕЗИН®-ЭКСТРА
концентрат
ТАҚ және гуанидин синергизміндегі классикалық құрамы бар жуу және дезодорациялау әсері бар дезинфекциялық құрал
Өнімнің бактерицидтік, вирулицидтік, фунгицидтік және туберкулоцидтік белсенділік қасиеттері бар

Құрамы: Полигексаметиленгуанидин гидрохлорид (ПГМГ), бензалконий хлорид, беттік белсенді заттар (ББЗ), тазартылған су және басқа қосалқы компоненттер. Көмірсутектік иондардың мөлшері (рН) – 8,5 – 10,5

Сипаттамалары

Дезинфекциялаушы құрал мыналарға арналған:
• Бөлмелердегі беттерді зарарсыздандыру (дезинфекциялау);
• Толық тазалау жұмыстары;
• ММБ-ды зарарсыздандыру;
• ММБ-ды стерилдеу алдындағы тазалау;
• Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын алдын ала тазалау, стерилдеу алдындағы тазалау немесе соңғы тазалау;

Өнім құрамындағы ПГМГ және ТАҚ қоспаларының синергизмі, сондай-ақ жоғары сапалы беттік белсенді заттардың болуы тамаша жуғыш, иіс кетіргіш және зарарсыздандырғыш әсерді қамтамасыз етеді.

ТАҚ қоспалары ұшпалы емес, олардың өткір иісі жоқ, суда жақсы ериді, тамаша тазартқыш қасиеттері бар, олар тұрақты болады және залалсыздандырылатын заттарға зақым келтірмейді.

Полигексаметиленгуанидин гидрохлорид қабықты және қабықсыз вирустарға қатысты жақсы бактерицидтік және вирулицидтік белсенділікті көрсетеді. ТАҚ қоспаларымен қосылғанда синергетикалық әсерін көрсетеді.

Жұмыс ерітінділерінің жарамдылық мерзімі - 15 тәулік. ХЭК анықтау үшін, өнімнің индикаторлық жолақтары бар.
Жарамдылық мерзімі: Өндірушінің ашылмаған қаптамасында 5 жылды құрайды.

Қаптамасы: Тапсырыс берушімен келісім бойынша, сыйымдылығы 1000, 5000 мл полимерлік құтылары, канистрлері немесе басқа көлемдегі ыдысы.

Өндіруші: Қазақстан Республикасы