БАЛАДЕЗ®-УЛЬТРА ПЛЮС
концентрат
Тұрақтандырылған сутегі пероксиді мен гликоль қышқылының синергетикалық қоспасына негізделген жуу әсері бар дезинфекциялық құрал
Өнімдерінің бактерицидтік, туберкулоцидтік, вирулицидтік, фунгицидтік және спороцидтік белсенділік қасиеттері бар

Құрамы: Тұрақталған сутек пероксиді, гликольді қышқыл, сондай-ақ беттік белсенді заттар (ББЗ), тазартылған су және басқа қосалқы компоненттер.
Көмірсутектік иондардың мөлшері (рН) - 3,5 ± 2,0

Сипаттамалары

Дезинфекциялаушы құрал мыналарға арналған:
• ММБ-ды зарарсыздандыру және стерилдеу;
• беттерді және бөлмелерді, оның ішінде көтеріңкі эпидемиологиялық маңызы бар (емшара, операция жасайтын, раенимация және т.с.с.) бөлмелерді толығымен тазалау;
• аппараттардың, аспаптардың, санитариялық-техникалық жабдықтың беттерін зарарсыздандыру;
• ММБ-ды стерилдеу алдындағы тазалау;
• медициналық жабдықты зарарсыздандыру және жуу

Сутек пероксиді бактериялардан бастап, спораларға дейінгі микроағзалардың барлық спектрі үшін микробқа қарсы ең күшті белсенділікке ие болады және экспозиция уақыты өткен соң, оттегі мен суға ыдырайды, сол себептен, балаларға арналған емдеу-алдын алу мекемелерінде басым қолданылады.

Жұмыс ерітінділерінің жарамдылық мерзімі - 18 тәулік. ХЭК анықтау үшін, өнімнің индикаторлық жолақтары бар.

Жұмыс ерітінділерін дайындау үшін дистилденген немесе фильтрмен тазартылған суды пайдалану ұсынылады.
Жарамдылық мерзімі: Өндірушінің ашылмаған қаптамасында 2 жылды құрайды

Қаптамасы: Тапсырыс берушімен келісім бойынша, сыйымдылығы 1000, 5000 мл полимерлік құтылары, канистрлері немесе басқа көлемдегі ыдысы.

Өндіруші: Қазақстан Республикасы