«Альфа-01» импульстік қондырғысы көлемі 75 м³ дейінгі бөлмелерді шұғыл және жоспарлы дезинфекциялауға арналған. Қондырғыны кеңінен қолдану санитарлық-гигиеналық талаптарды жоғарылататын медициналық ұйымдарда өз орнын тапты.
Сонымен қатар, қондырғы келесі жерлерде тиімді:
· Тұрғын және қоғамдық орындарда;
· Адамдар көп жиналатын жерлерде (вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлер, мейрамханалар, фитнес-орталықтар және т. б.);
· Өндірістік үй-жайларда.
Бөлмелердің ауасы мен үстіңгі беттерін зарарсыздандыруға арналған «Альфа-05» жылжымалы импульсті УК-қондырғысы кең спектрлі ультракүлгін сәулеленуді генерациялайтын импульсті ксенон шамы бар әлемдегі ең жинақы құрылғы болып табылады.
Бөлмелердің ауасы мен үстіңгі беттерін зарарсыздандыруға арналған жылжымалы импульсті УК-қондырғысы үш негізгі компоненттен тұрады:
· Құралдың жұмысын бақылау мен басқару, қуат блоктары орналасқан берік корпустағы алмалы қорғаныш қақпағы бар тасымалды чемодан (кейс);
· УК- сәулеленудің шағылысатын алюминий бетінен жоғары орналасқан шам торабы (импульстік ксенон шамы), көлік жағдайында оңай қозғалу үшін алынбалы қақпақпен қорғалған;
· Радиоарна бойынша жұмыс істейтін және оператор қондырғыны өңделетін бөлмеден тыс жерде қосуға және шұғыл өшіруге арналған қашықтан басқару пульті.