МЕДИДЕЗ®-НЕО
концентрат
Органикалық қышқылдардың, изопропил спиртінің және ТАҚ синергетикалық қоспасы негізінде жуу және дезодорациялау әсері бар дезинфекциялық құрал
Өнімнің бактерицидтік, туберкулоцидтік, вирулицидтік, фунгицидтік және спороцидтік белсенділік қасиеттері бар

Құрамы: ТАҚ қоспалары, органикалық қышқылдар кешені (метансульфон және сүт қышқылдары), изопропилді спирт, бензилоксиметанол, сондай-ақ беттік белсенді заттар (ББЗ), тазартылған су және басқа қосалқы компоненттер.
Көмірсутектік иондардың мөлшері (рН) – 1,2-3,5

Сипаттамалары

Дезинфекциялаушы құрал мыналарға арналған:
• ММБ-ды зарарсыздандыру және стерилдеу;
• беттерді және бөлмелерді, оның ішінде көтеріңкі эпидемиологиялық маңызы бар (емшара, операция жасайтын, раенимация және т.с.с.) бөлмелерді толығымен тазалау;
• аппараттардың, аспаптардың, санитариялық-техникалық жабдықтың беттерін зарарсыздандыру;
• ММБ-ды стерилдеу алдындағы тазалау;
• медициналық жабдықты зарарсыздандыру және жуу

Сүт қышқылының, микробқа қарсы әсері ең күшті болса да, ол тиімділігі жоғары табиғи өнім болып табылады және адамға еш зиян тигізбейді. Коррозиялық белсенділігі төмен болады, кез келген материалдарға бейтарап әсер етеді және иісі болмайды.

Метансульфон қышқылы тазалау жылдамдығы бойынша сірке, лимон, құмырсқа және фосфор қышқылынан асып түсетін қайталанбас тазалағыш қасиеттерге ие. Оған қоса, метанфульфон қышқылының иісі болмайды, кез келген типті материалдарға бейтарап әсер етіп, оның коррозиялық белсенділігі болмайды.

Бензилоксиметанол – әсерінің спектрі кең болатын биоцид, ол зең қоздырғыштары, бактериялар мен балдырлармен зақымдалатын материалдарды өңдеу үшін қолданылады

Изопропилді спирт – беттерді сенімді түрде тазалайтын зат, сапалы еріткіш және стабилизатор.

Жұмыс ерітінділерінің жарамдылық мерзімі - 35 тәулік. ХЭК анықтау үшін, өнімнің индикаторлық жолақтары бар.
Жарамдылық мерзімі: Өндірушінің ашылмаған қаптамасында 5 жылды құрайды

Қаптамасы: Тапсырыс берушімен келісім бойынша, сыйымдылығы 1000, 5000 мл полимерлік құтылары, канистрлері немесе басқа көлемдегі ыдысы.

Өндіруші: Қазақстан Республикасы