Тренингтер мен конференциялар

Ақтау қаласындағы презентация 2019 жылғы 29-30 сәуір

Бағдарлама аясында «РХПГ және өт шығару жолдарын стенттеу» , сондай-ақ «Өңештің варикозды көктамырларын эндоскопиялық байлау» сияқты мәселелер қозғалды.

Медидез ҒӨБ компаниясының өкілі «Эндоскоптарды өңдеу, тасымалдау және сақтаудың технологиялық процесінің кешенді шешімі» тақырыбында дәріс оқыды. Спикер ҚР СанПин талаптарына сәйкес эндоскоптарды өңдеу рәсімін егжей-тегжейлі сипаттады, жабдықты тасымалдау және сақтау кезіндегі барлық ерекшеліктер жарияланды.

Шақырылған қонақ-спикер
«А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ клиникалық физиология және эндоскопия бөлімінің меңгерушісі - Әбдрашев Ерлан Байтөреұлы болды.

Семинар соңында FUJIFILM компаниясы эндоскопиялық жүйелердің алдыңғы қатарлы технологияларын таныстырды.