Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабының 1 тармағының 17 тармақшасы, 148 бабының 5 тармағын орындау мақсатында 2018 жылдың 24 тамызында ауруханаішілік инфекцияларды алдын алу, медициналық ұйымдар мен Алматы қаласы аудандарының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы үшін инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және дезинфекциялық-стерилизациялық режимді сақтау бойынша «№4 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК конференция залында семинар #nbsp өткізілді.